• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
28 Қараша, 2016

Сочиде қарағандылық оқушы өнер фестивалінің марапатын жеңіп алды

145 рет
көрсетілді

Қарағандылық мектеп оқушысы Яна Губина композитор әрі педагог Людмила Мельниковамен Сочиде өткен «Кинотаврик» XVI халықаралық балалар өнер фестивалінің марапатын жеңіп алды. «Кинотаврик» фестивалінің президенті Оксана Федоровадан екі жыл қатарынан шақырту алдым. Былтыр кішкентай әнші Әйгерім Смағұловамен барсақ, биыл суретші Яна Губинамен қатыстық. Біз ресейлік жазушы Дмитрий Емецтің «Дракончик Пыхалка» ертегісі негізінде салынған суреттерді көрсеттік. Бұған қоса, фестивальге телеарнаның техникалық мамандарымен бірге жасаған американ жазушысы Кен Скуландтың новелласы негізіндегі мультслайдын алып келдік», – деді Мельникова. Қарағандылықтар 8 грамота мен «Кинодебьют» – «шығармашылық еңбексүйгіштігі үшін» номинациясы бойынша арнайы дипломмен марапатталды. Фестивальге 500-ден аса адам қатысты.